USD
USD
USD

Қысқы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылар сыйақы алады

Ұлттық құрама өкілдері Бейжің Олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған жоқ. Дегенмен олар бюджеттен 60 миллион теңге көлемінде сыйақы алады, деп хабарлады Vesti.kz.

Қысқы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылар сыйақы алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылым тілшілерінің хабарлауынша, Бейжіңге барған ұлттық құраманың ту ұстаушысы Абзал Әжғалиев мемлекет бюджетінен 40 мың доллар (17,1 миллион теңге), ал қалған шорт-трекшілер Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан 10 мың доллардан (4,1 миллион теңге) сыйақы алады.

Ережеге сәйкес, Олимпиадада 1-ден 6-орынға дейінгі орындар үшін осындай қаржы спортшылардың жаттықтырушыларына да төленеді. Командалық спорт түрлері бойынша табысты өнер көрсеткені үшін команданың 3 жаттықтырушысына бірдей мөлшерде сыйақы қарастырылған.

Сөйтіп, қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларына жалпы сомасы 140 мың доллар (60 миллион теңге) төленетін болды. Қаражат республикалық бюджеттен аударылады.

Айта кетсек, жазғы және қысқы Олимпиада жеңімпаздарына төленетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1435 қаулысымен реттеледі.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur