USD
USD
USD

Қысқы Олимпиадаға 34 қазақстандық спортшы қатысады

Биыл Қытай астанасы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 34 қазақстандық спортшы қатысады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қысқы Олимпиадаға 34 қазақстандық спортшы қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Министрдің орынбасары XXIV қысқы Олимпиада ойындарына өте аз уақыт қалғанын атап өтті.

"Жарысқа ұлттық құрама командалары бар күшін салып, дайындалып жатыр. Үкімет тарапынан спортшыларға барлық жағдай жасалған. Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, маңызды жиналыстарды өткізді. Дүбірлі додаға баратын командалардың дайындығы бақылауда. Қазақстан спортшылары 8 спорт түрінен 78 лицензия ұтып алды. Нақтырақ айтсақ, бұл 34 спортшы", - деді Серік Жарасбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр спортшылардың басым бөлігі Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысынан екенін атап өтті. Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Дүбірлі додаға 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Онда 15 спорт түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

«Әділет» партиясы

Ақтөбе облысында мейрамханаға барған жүзден астам адам ауруханаға түсті

улану

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов отставкаға кетті

Байсуфинов

Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы қарыз бен кредитке батқан

Кредит