USD
USD
USD

Қысқы Олимпиада: Ұлттық құраманың 80 пайызы «Динамо» қоғамынан шыққан

28 динамо спортшысы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада Ұлттық құраманың намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

Қысқы Олимпиада: Ұлттық құраманың 80 пайызы «Динамо» қоғамынан шыққан
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. «Өткен аптада ұлттық құрама XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Бейжіңге ұшып кетті. Қазақстандықтар спорттың 8 түрінен 82 олимпиадалық лицензия жеңіп алған болатын. Оның ішінде биатлон, шорт-трек, конькимен жүгіру және тау шаңғысы спорты, фристайл-акробатика және тағы басқа спорт түрлері бар. Ұлттық олимпиадалық команда құрамына кірген 32 спортшының 28-і - динамошылар», - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге, тәуелсіздік жылдары қазақстандық спортшылар жеңіп алған 72 олимпиадалық медальдың 60-ы «Динамо» қоғамының өкілдеріне тиесілі.

Айта кету керек, ұлттық құрама командаларының 80%-дан астамын динамо спортшылары құрайды. Олар әртүрлі спорт түрлері бойынша өнер көрсетеді. Сондай-ақ 44 олимпиадалық спорт түрінің 36-сы «Динамода» дайындалады.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы даярлығына жәрдемдесетін елдегі ең көне спорт ұйымдарының бірі.

Тоқсан мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкері – осы қоғамның мүшесі. Олар 15 аумақтық филиалдағы 445 дене шынықтыру ұжымына біріктірілген.

Одан бөлек, бұл қоғам - бұқаралық спортты, дене шынықтыру-спорт қозғалысын, жастарды 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті