USD
USD
USD

Қысқы Универсиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі

18 қаңтар күні Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Қысқы Универсиаданың бесінші жарыс күнінде еліміздің спортшылары бірнеше спорт түрінен ел намысын қорғайды.

Спортшылар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Биатлонның спринт сайысында ерлер арасында Никита Акимов, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр және Ерқанат Қуандық сағат 14:05–те жарыс жолына шығады. Әйелдер арасында бұл сайыста Арина Крюкова, Алина Скрипкина, Айша Рақышева және Милана Генеева сағат 17:05–те бақ сынайды.

Сағат 14:30–да шаңғы жарысында әйелдер арасында Александра Скороходова ел құрамасынан қатысады. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында ерлер арасында Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Михаил Кривошеев сағат 17:00–де жарысқа түседі. Әйелдер арасында София Самоделкина сағат 20:05–те өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, Қазақстандық спортшылар Универсиада медальдар кестесінде екі алтын, төрт күміс және екі қоламен екінші орында тұр. Екі алтынды фристайлшы Анастасия Городко жеңіп алды. Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев жұптық могулдан, ал Денис Зинов парашаңғыдан екі күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, Роман Құрбанов парашаңғыдан екі қола медаль еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе