Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді

Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтетін болып бекітілді.

Азия ойындары
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Харбин Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында белгілі болды. Аталған шарада Харбин қаласының мэрі Ван Хэшэн мен Азия Олимпиада кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Фок Жэнтин туды Сауд Арабиясының Ұлттық спорт комитеті төрағасына және Ұлттық спорт комитетінің төрағасы Ханзада Фейсалға тапсырды.

Осылайша тұңғыш рет Қысқы Азия ойындары Батыс Азияда елінде өтпек.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Харбин Қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медаль жеңіп алып, жалпы есеп бойынша төртінші орынға тұрақтады.

Бұл жолы қытайлық спортшылар өз елінде өткен ойындардың көшін бастады. Жарыс қожайындары 32 алтын, 27 күміс, 26 қола медаль жеңіп алды. Ал 16 алтын, 15 күміс, 14 қола иеленген Оңтүстік Корея спортшылары екінші орынға жайғасса, үздік үштікті Жапония спортшылары қорытындылады. Олардың еншісінде 10 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль бар.

Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 5 ел:

1. Қытай — 85 (32-27-26);
2. Оңтүстік Корея — 45 (16-15-14);
3. Жапония — 37 (10-12-15);
4. Қазақстан — 20 (4-9-7);
5. Филиппин — 1 (1-0-0);
5. Өзбекстан — 1 (1-0-0);

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі