USD
USD
USD

Кісі өлтірді деп айыпталған күдіктілер екі ай өздері қазған шұңқырда жасырынып жүрген

Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кісі өлтірді деп айыпталған күдіктілер екі ай өздері қазған шұңқырда жасырынып жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады.

– Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан блиндажда (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай