USD
USD
USD

Кісі өліміне күдікті өзбекстандық азамат Алматыда қолға түсті

Алматылық полицейлер Ресейдегі кісі өліміне күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кісі өліміне күдікті өзбекстандық азамат Алматыда қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық көші-қон қызметінің мәліметінше, елге тіркелуге келген 32 жастағы Өзбекстан азаматы көші-қон қызметтері орталығында ұсталды.

«Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүргізілген өтініш берушінің жеке басын тексере келе біздің бөлім қызметкерлері С.есімді азаматтың 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахан облысы бойынша ІІМ-де РФ ҚК-нің 105 бабы, 1 бөлігі - кісі өлтіру қылмысы үшін іздеуде екендігін анықтады. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлерінің көмегімен күдікті ұсталды. С.есімді азамат Өзбекстаннан Алматыға жұмыс істеуге келген», - деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Спикер Алматыда «Келімсек» іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген 7 күдіктінің қолға түскенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға