USD
USD
USD

Кісі өліміне қатысты 2 жылдан кейін іс қозғалды

2017 жылдың желтоқсанында Алматыдағы жекеменшік «Москва de Luxe» клиникасында липосакция жасатқан пациент көз жұмған. Тек, араға 2 жыл салып аталмыш медициналық мекменің операцияға жауапты бірнеше дәрігері сот алдында жауап беруде.

Кісі өліміне қатысты 2 жылдан кейін іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні Алмалы аудандық сотында «Москва de Luxe»» клиникасының басшысы әрі хирургы Роман Алфёров сот алдында куәгерлер мен айыптаушы тараптың сұрақтарына жауап берді. Отырыс барысында қорғаушылардың аузымен көптеген сәйкессіздіктер мен заң жүзінде күмән тудырарлық фактілер келтірілді.

Мамандандырылған ауданаралық сот 42 жастағы азаматшаның өліміне байланысты «Москва de Luxe» клиникасының басшысы әрі хирургы Роман Алфёров пен анастезиолог Алексей Скеті соталды тергеу кезінде уақытша оқшаулау изоляторына жабуға, оқиға болған күні кезекші болған дәрігер Эльмира Тіленшиеваны 300 АЕК (757 500 тг) көрсеткішін кепілге ала отырып қала аумағынан шықпауға босатқан.

Қазақстанға келіп жекеменшік клиника ашып, қайғылы оқиға болған медициналық мекеменің басшысы мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі Nege.kz сайты бақылауда ұстайтын болады.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики