USD
USD
USD

Кісәпір қылмысын мойындады

15 маусым күні қалта ұрлығының тағы бір фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кісәпір қылмысын мойындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 маусым күні кешке №15 автобустың салонында 21 жастағы ақтөбеліктің сөмкесінен сұры түсті әмиян ұрланды. Әмиянда 5900 теңге болған. Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 1979 жылы туған, қалта ұрысы ретінде есепте тұрған ақтөбелік жігітті қолға түсірді. Ер адам жасаған қылмысын мойындады, ұрланған әмиян мен ақша тәркіленді. Ұсталған адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Полиция департаменті ақтөбеліктерді қалта ұрысының құрбаны болмау үшін, әсіресе қоғамдық көлікте өзінің бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Көбінесе ұрылар сөмкелерін жабуды ұмытып, сондай-ақ өз ұялы телефондарын қолжетімді жерде қалдырғандарды пайдаланады. Қалта ұрылары автобуста жолаушылар көп болған кезді таңдайды.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев