Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қисайған үй: Сағынтаев не деді?

  Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын  Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қисайған үй: Сағынтаев не деді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкім «Зерделі» шағынауданы №179 үйдің тұрғындарымен кездесу үшін Алатау ауданына келді. Әкімдіктің хабарлауынша, үйдің қисайғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Мамандар үйдің іргетасын нығайту үшін геологиялық шешім іздестіріп жатыр. «Тұрғындардың басқа жаққа көшіру туралы өтінішін қарастыруға әкімдік дайын. Бұл туралы қаулыға қол қойылды. 72 пәтердің тұрғындарының уақытша пәтер жалдауына қаржы қарастырамыз», – деп жазды қала әкімінің ресми өкілі Әсет Мұқажанов Instagram желісіндегі аккаунтында.

Сонымен қатар, құрылыс компаниясы мен сарапшылық қорытынды шығарған органдарға қатысты Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі өндіріс қозғайды. Одан бөлек, «Зерделі» шағынауданында Nur Otan партиясының Алатау аудандық бөлімшесі арнайы штаб құрды.

Кеше әкім орынбасары осы үйде түнеп, тұрғын үйдің қауіпсіз екенін дәлелдеуге тырысқан еді.  

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда