USD
USD
USD

Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті болып тағайындалды

Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында ұйымның жаңа президенті сайланды.

Кирсти Ковентри
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Дауыс беру нәтижесінде жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті атанды. Осылайша, Кирсти Ковентри ХОК-ті басқаратын алғашқы әйел басшы әрі аталған лауазымға сайланған бірінші Африка құрлығының өкілі болды.

Ал Халықаралық Олимпиадалық комитетін 2013 жылдан бері басқарған семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бах қызметінен кетті. Оның қызметтен кететінін биылғы ақпан айында ХОК Атқарушы комитеті қолдаған болатын. Дегенмен, Томас Бах өмір бойына ХОК-тің құрметті президенті болып сайланды.

Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің кезекті сессиясында боксты 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына қосу туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар