Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қыркүйекте жылдық мәндегі инфляция тамыздағы 9,8 пайызбен салыстырғанда, 9,3-ға дейін төмендеді. Ал айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6% болды.
Астана, NEGE. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы – 11,0%, ақылы қызметтер – 8,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 8,5%-ға өскен.
Ал айлық көрсеткіште көкөністер мен азық-түлік өнімдерінің кейбір түрлерінің бағасы сәл төмендеді. Атап айтқанда: пияздың бағасы 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3%, алмұрт – 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% төмендеді. Сондай-ақ балалар ботқасының бағасы 6,1%-ға және құмшекердің бағасы 1,3%-ға төмендеді.
2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір түрлері арзандай түсті. Атап айтқанда, алманың бағасы 11,1%, лимон – 8,3%, қызылша – 6,9%, қырыққабат – 6,1%, банан – 5,6%, тәтті бұрыш – 3,9%-ға төмендеді.
Бір айда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қол кремінің бағасы 6,9%, балалар жаялықтары – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машиналар мен қысқа толқынды пештер – 1,8%, душқа арналған гель – 1,4%-ға төмендеді.
Ал өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда автомобильдердің бағасы – 11,3%, электр жылытқыштар – 9,1%, кондиционерлер – 8,7%, электр еттартқыштар – 5,6%, балалар конструкторлары – 2,6%, медициналық маскалар – 1,7%-ға төмендеді.