USD
USD
USD

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

 2020 жылдың қыркүйек айында ауа райы қалай болады?

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан 1°С-қа төмен болады деп күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінде көпжылдық деректер бойынша үсік айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда – айдың соңында ғана байқалуы мүмкін. Алайда, консультативтік болжамға сәйкес, үсік солтүстік өңірлерде биылғы жылдың қыркүйек айының екінші онкүндігінде -5 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде – үшінші онкүндікте күтіледі.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері тамыз айымен салыстырғанда ауа температурасының жалпы төмендеуі кезінде ауаның ылғал құрамының төмендеуі есебінен азаяды. Жауын-шашын аз қарқынды, бірақ ұзаққа созылады. 2020 жылғы қыркүйекте республика бойынша жауын-шашынның таралуы біркелкі емес сипатқа ие: жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қарағанды облысының батысында нормадан аз болады деп күтіледі.

Күздің басында Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады. 3-6 қыркүйекте белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде ауа массаларының ауысуы, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, жаңбыр күтіледі, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде күшті жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасының төмендеуі бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі: ҚР батысында түнде +15+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +27+38°С-тан +20+27°С-қа дейін; еліміздің солтүстік-батысында түнде +12+17°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +28+35°С-тан +14+25°С-қа дейін. республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +10+20°С-қа дейін. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасының төмендеуі ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, түнде +13+22°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +21+28°С-қа дейін болжанады.

Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі Қазақстанның шығысын айналып өтпейді, температуралық фонның түнгі уақытта +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +15+25°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде. Бірінші онкүндіктің соңында ҚР-ның басым бөлігінде қайтадан жылынады. Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында температуралық режимнің ауытқуы болжанады: түнде +5+13°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін; ҚР оңтүстігі мен батысында түнде +5+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +10+20°С-қа дейін. Ескерту: бір айға арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Олжас Бектенов

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

карсити

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев