Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырым көпірінде жарылыс ұйымдастыруға қатысы бар қылмыскерлер ұсталды

Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекетті Украинаның қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы жетекшісі Кирилл Буданов және оның қызметкерлері мен агенттік ұйымдастырды, деп хабарлайды «РИА» Новости.

Қырым көпірінде жарылыс ұйымдастыруға қатысы бар қылмыскерлер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарылғыш құрылғы 22 паллетке полиэтилен пленкасы бар орамдарға құйылып, тамыз айының басында Одесса портынан Болгариядағы Русаға жіберілді. Жүктерді тасымалдауға Украина, Грузия азаматтары және бір Армения азаматы тартылды.

Қырым көпіріндегі жарылыс туралы қылмыстық іс аясында қылмысты дайындауға қатысқан бес Ресей азаматы, үш Украина және Армения азаматтары ұсталды.

ФСБ мәліметтері бойынша, террористік актіні тергеу жалғасуда. Оның барлық ұйымдастырушылары мен қатысушылары, соның ішінде шетелдік азаматтар Ресей заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Қырым көпірінде жарылған жүктің қозғалысын қатысушыларға «Иван Иванович»ретінде ұсынылған Украина қорғаныс министрлігінің ГУР қызметкері бақылаған. Ол интернетте сатып алынған виртуалды анонимді нөмірді пайдаланды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық