USD
USD
USD

Кирилл Герасименко Ливандағы Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Кирилл Герасименко күміс медаль еншіледі, деп жазады Olympic.kz.

Теннис
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы ақтық сында жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының он дүркін жүлдегері, тайпейлік Чуан Чи-Юаньмен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі тайпейлік спортшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, финалға дейін Герасименко төрт кездесуде жеңіске жетті. Олардың арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Гьонис Панайотис (Грекия), командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) бар.

Қазақстан қоржынында тағы екі қола медаль бар. Айдос Кенжеғұлов/Алан Құрманғалиев және Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мірқадырова жұбы үздік үштіктер көрінді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы