Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай: 13 адам көз жұмды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға салдарынан 13 адам мерт болып, 134 адам жарақат алған.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай: 13 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Кабар агенттігі. Ведомство дерегінше, 13 адам қайтыс болған. Сонымен қатар 25 зардап шеккен адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотолгия және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған. Екі адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде және қанағаттанарлық.

Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті. Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемеме жасады.

Қазір оқып жатыр

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапқа тартылды

қос азаматтық

Грузия алғаш рет Қазақстаннан 3,2 млн долларға мұнай сатып алды

Мұнай

Ақмола облысында көкпар кезінде көз жұмған баланың туыстары шағымын жеткізді

Дінмұхаммет