Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны көбейді

Қырғызстандағы Баткен облысында болған қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 36-ға жетті.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баткен облысынан сағат 10.00-де алынған жедел ақпарат бойынша тағы 12 қаза тапқан. Олардың денесі Баткен денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізілген, – деп жазды tengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз орталығының мәліметінше, Баткен облысында қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 36-ға жетті. Денсаулық сақтау ұйымдарында зардап шеккен 129 адам бар, оның 7-і амбулаторлық емделуге жіберілді, 79 адам Бішкекке ауыстырылды", –делінген хабарламада.

Еске салайық, екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келгеніне қарамастан, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс қайта басталды. Тараптар бір-бірін шабуыл жасады деп айыптап жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық