USD
USD
USD

Қырғызстанның елтаңба, ту және әнұраны өзгеруі мүмкін

Қырғызстандық депутат елде мемлекеттік рәміздер - елтаңба, әнұран және туды өзгерту керек екенін айтты, - деп хабарлады 24 kg. 

Қырғызстанның елтаңба, ту және әнұраны өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутат Арсланбек Малиевтің айтуынша, елтаңбаға қарағанда, әдемі суретті ғана көруге болады.

"Тарихқа назар аударсақ, біздің өз әріптеріміз бар, оның ішіндегі ең жақсысы - қырғыз әрпі Ң. Қырғызстанның қазіргі туын кеңес парламенті қабылдаған. Қырғызстан туының нағыз түсі - көк. Ұлы қырғыз халқының туы көк, Манаста болғандай", - деді Арсланбек Малиев.

Депутатқа әнұран да ұнамайтын көрінеді. Ол қырғыз халқының басқа да әдемі әуендері бар деп есептейді. Мысалы, "Қырғыз жері" шығармасы.

"Бұл ән көпшілікке белгілі. Мәтінді аздап өзгертуге болады. Сонда рәміздерімізді жаңартып, тарихқа ден қойып, нағыз қырғыз символдарын қолданамыз. Қазір тиісті заң жобалары дайындалып жатыр, алдағы уақытта талқылауға береміз", - деді Арсланбек Малиев.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев