Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанның экс-президенті қайда?

Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үшін бұлтартпау шарасын әлі таңдамады, – деп хабарлайды 24.kg басылымы.

Қырғызстанның экс-президенті қайда?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экс-президенттің қорғаушысының айтуынша, Алмазбек Атамбаев ұстау мерзімінің өткеніне қарамастан, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында отыр. 

«Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегілердің айтуынша, Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке кінәлі деп танылған, бірақ ешқандай ресми құжат бермеген. Ұстаудың 48 сағаты өтіп кетті, бірақ оған бұлтартпау шарасы таңдалмады. Бұрынғы президентті неге қамауда ұстап отырғаны түсініксіз», – деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Бішкекте Ала-Тоо алаңында 9 қазанда өткен жаппай тәртіпсіздіктен кейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстаған болатын. Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған еді.

Қазір оқып жатыр

Заманауи спорт менеджменті: жүйелі істен жеңіске дейін

Оспан Әжібеков

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев