USD
USD
USD

Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті «Яндекс.Такси» кеңсесіне тінту жүргізді

Бұл туралы Қырғызстанның БАҚ өкілдері ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Қыоғызстан
Фото: Яндекс go

Алматы, NEGE. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында «Яндекс.Такси Корп» ЖШС мен оның серіктестерінің кеңселерінде тінту жүргізді. 

ҰҚМК мәліметінше, компания мен оның серіктестері Экономика министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметі қабылдаған шараларға қарамастан, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтерді, бұл қызмет құнының жасанды өсуіне әкеліп соқтырды.

Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада. Осыған дейін Қырғызстанда 12 баланың тәттіден уланғаны туралы жаздық.

Анықталғандай, 12 жастағы 7 сынып оқушысы Искра ауылындағы қоқыс полигонынан бір пакет «BEN 10» кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрейді тауып алып, мектептегі сыныптастарына берген. Артынша балалар тәттілерден уланған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты