USD
USD
USD

Қырғызстанға Қазақстаннан бір мың тонна ұн жеткізілді

Қырғызстан үкіметі бұл гуманитарлық көмек ең алдымен елдегі мұқтаж жандарға берілетінін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24». Естеріңізге салайық, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінде Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн бөлу туралы шешім қабылдаған еді.

Қырғызстанға Қазақстаннан бір мың тонна ұн жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – Қырғызстанның мемлекеттік материалдық қорларының қоймасы. Қазақстаннан ұн келетін болған соң, мұнда көп орын босатылды. Ел билігі коронавирус індетімен күресе отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Сол себептен бұл гуманитарлық жүк айыр қалпақты ағайындарымызға үлкен жәрдем болғаны айқын.  

Қырғызстанның ауыл шаруашылық министрі Эркин Чодуев: "Мұны Қазақстан халқының игі қадамы деп санаймын. Бүгінде қос ел де індетпен күресіп келеді. Бұл шараны екі мемлекеттің президенттері мен премьер-министрлері қолдады. Әрине, Қазақстан халқы біздің індетті тезірек жеңгенімізді тілейді" деді. 

Гуманитарлық жүктің алғашқы партиясы 12 вагонмен жеткізілді. Бірінші сұрыптағы ұнның 16 мың қабы тиелген. Ұнның бұл түрі нан мен өзге өнімдерді пісіру үшін қолайлы. Жүк Қырғызстанға екі апта ішінде жеткізілді. Жергілікті теміржолшылардың айтуынша, бұл әдеттегіден едәуір жылдам.  

Қырғызстан үкіметі халқының осал топтарына гуманитарлық көмек бөлу мәселесін шешпек. Төрт транш болады. Солтүстіктегі Бішкек-1 және Балықшы стансаларына. Қалған екі транш оңтүстіктегі Кара-Суу және Жалал-Абад стансаларына жөнелтіледі.   Үкімет ұнды елдің барлық аумақтарына жеткізу үшін арнайы кесте құрды. Ең алдымен әл-ауқаты төмен халықтың үлесі көп өңірлер қамтылады. Үш мың тоннасын Шу, Ыстықкөл және Нарын облыстарында тегін үлестіреді. Ал Ош және Жалал-Абад облыстарының әрқайсысына бір мың тоннадан жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер