USD
USD
USD

Қырғызстандағы президент сайлауында Садыр Жапаров көш бастап тұр

 Қырғызстан Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидат Садыр Жапаров ең көп дауыс жинады.

Қырғызстандағы президент сайлауында Садыр Жапаров көш бастап тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова мәлімдеді. ҚР ОСК басшысы түсіндіргендей, деректер алдын ала есептеледі және автоматтандырылған санау жәшіктерінің 87% -нан алынған. ҚР ОСК басшысы келтірген алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қырғызстан президенттігіне үміткерлер жинаған сайлаушылар дауысының пайызы келесідей:

Жапаров Садыр – 79,44%

Исаев Канатбек – 0,58%

Арстанбек Мыктыбек – 1,63%

Сооронкулова Клара – 0,96%

Ташов Имамидин – 1,19%

Тагаев Рашид – 0,00%

Сегизбаев Абдил – 1,43%

Мадумаров Адахан - 6,53%

Касенов Аймен – 0,89%

Кочкоров Улукбек – 0,7%

Байгуттиев Женишбек – 0,09%

Абакиров Эльдар – 0,46%

Асанов Курсан – 0,49%

Абдылдаев Арстанбек – 0,08%

Джеенбеков Равшан – 0,19%

Калмаматов Бактыбек – 0,51%

Тольбаев Бабыржан – 2,24%

Иманалиев Каныбек – 0,16%

Барлығына қарсы – 1,29%.

Айта кеткен жөн, ҚР Президенттігіне үміткер сайлауда жеңіске жету үшін 50%-дан астам даусын жинауы керек. Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлауға барлығы 1 млн 213 мың 16 адам қатысқан. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 34,4%-ын құрайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy