Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министр міндетін атқарушы болып сайланды . Бұл туралы шешім «Достук» қонақүйінде өткен Жогорку Кеңештің бүгінгі кезектен тыс отырысында қабылданды. Отырысқа 67 депутат қатысты. Отырыста бұрынғы премьер-министр Кубатбек Боронов отставкаға кеткені жария етілді.

Еске сала кетсек, Садыр Жапаров 2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырғаны және өңір губернаторын кепілге алғаны үшін 2018 жылы 11, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол бүгін түрмеден босатылды. Сонымен қатар, Жогорку Кеңеш спикері болып Мыктыбек Абдылдаев сайланды. Парламенттің жаңа төрағасы кезектен тыс отырыс барысында сайланды. Мыктыбек Абдылдаев «Бир Бол» фракциясының депутаты. Бұрынғы парламент спикері Дастанбек Жумабеков те отставкаға кетті.

Қазір оқып жатыр

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция