Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда Ресей АЭС сала ма?

Елдің энергетика министрлігі мен "Росатом" өкілдері 20 қаңтарда қуаты аз атом станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Қырғызстан аумағында Ресейдің "Росатом" компаниясына АЭС салдырту туралы шешім әлі нақты қабылданбаған. Бұл туралы жұма күні Қырғызстанның энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қырғызстанда Ресей АЭС сала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. "Қырғыз тарапы РИТМ-200H реакторлық қондырғысы базасында Ресей атомшыларының әзірлемелерін зерттеуге қызығушылық білдіріп отыр", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстанда АЭС салу туралы шешім тараптардың осы мәселені ұзақ талқылау процесінен кейін ғана қабылданады. Бұған дейін Қырғызстанның энергетика министрлігі мен "Росатом" өкілдері 20 қаңтарда "EXPO-2020" көрмесі аясында қуаты аз атом станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қырғызстанның энергетика министрлігі жүйесінің ғылыми-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған.

 

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел