USD
USD
USD

Қырғызстанда президент сайлауы 17 қаңтарда өтуі мүмкін

Қырғызстандағы президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында, ал парламенттік сайлау биыл 20 желтоқсанда өтуі мүмкін. Бұл туралы жұмада журналистерге ҚР ОСК басшысы Нұржан Шайлдабекова мәлім етті.

Қырғызстанда президент сайлауы 17 қаңтарда өтуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Парламенттік сайлау 20 желтоқсанда өтуі мүмкін", - деді ол.

"Президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарына жоспарлануы мүмкін", - деді Шайлдабекова.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлау қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылық білдіріп, алаңға шықты. Митингіге шыққандар қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, кейін президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді. Қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. 

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы