USD
USD
USD

Қырғызстанда парламент сайлауының алдын ала мәліметтері жарияланды  

 Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабеков Жогорку Кенешке депутаттар сайлауының алдын ала мәліметтерін жариялады.

Қырғызстанда парламент сайлауының алдын ала мәліметтері жарияланды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE Мәселен, 7% межені 4 партия еңсерді: «Биримдик» – 24,53%, «Мекенім Қырғызстан» – 23,9%, «Қырғызстан» – 8,74%, «Бутун Қырғызстан» – 7,09 %. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, сағат 23.20-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың 1 млн 938 мың 454-і немесе 56,2% дауыс берді. 2 475 сайлау учаскесінің 2 416-сында дауыстар саналды. 59 учаскеден мәліметтер алынбады, олардың 45-і шет мемлекеттерде орналасқан. ОСК Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау қорытындысын дауыс беруден кейін 20 күннен кешіктірмей жариялайтын болады. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.