USD
USD
USD

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын жасырын туннель табылды

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ош облысында Өзбекстанға апаратын құпия туннельді тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын жасырын туннель табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Комитет мәліметінше, жедел-тергеу шаралары барысында жеке үй аумағында 270 метрлік жерасты өткелі табылған.

"Оның тереңдігі – 15 метр. Туннельге кіру – 1,8 метр, ені – 1,5 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейін 40 метр", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде туннель анықталған учаскенің иесіне қатысты тергеу жүргізу жоспарланып отыр.

"Жердің иесі Жалал-Абад облысы Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында болуына байланысты оның ақыл-есінің кемдігіне қайта зерттеу жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«ЭкоХакатон: таза қалаға арналған шешімдер»: Петропавл жастары жасанды интеллект көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан

Ресей елшілігі Тараздағы ескерткішке жасалған вандализмді саяси экстремистік әрекет деп бағалады

Бүлінген стела