Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда отбасылық зорлық көрсетушілерге жазаны күшейтуді сұрайды

Қырғыз парламентінің депутаты Исхак Пирматов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресу жөніндегі заң жобасын әзірлеп шықты. 18 маусымда оны Жогорку Кеңештің жалпы отырысында әріптестеріне ұсынды.

Қырғызстанда отбасылық зорлық көрсетушілерге жазаны күшейтуді сұрайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заң жобасында отбасылық жанжалдан кейін тараптар татуласса да, жәбір көрсеткен адамның жауапкершіліктен босатылмайтыны жазылған.

«Айыпталушыға айыппұл төленетін болса, отбасы шығынға батады. Сондықтан біз айыппұлды алып тастап, қылмыс жасаған адамның жазасын күшейтуді сұраймыз. Тергеу кезінде зардап шегуші татуласуға келісім берсе де, күдікті қамауға алынады. Әрі қарай тек сот шешеді», –  деді Пирматов.

Пирматов елдің Қылмыстық кодексіне отбасы мүшесінің денсаулығына зиян келтірген адамды 5 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын жаңа бап енгізуді ұсынады. Депутат мәліметінше, 2020 жылдың алғашқы үш айында отбасында жәбір көрген 2,5 мың оқиға тіркелген. Олардың 95%-і – әйелдер.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы Қырғызстанда тұрмыстық зорлық көрген 5 мың оқиға тіркелген. Оның тек 580-і сотқа жеткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА