Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда орыс тілі ресми тіл болып қала бермек

Орыс тілі Қырғызстанның ресми тілі болып қала береді. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары» секциясының жетекшісі Нұрлан Шерипов айтты, – деп хабарлайды 24.kg.

Қырғызстанда орыс тілі ресми тіл болып қала бермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, түрлі ұсыныстар болды, алайда Конституциялық Кеңес мүшелері негізгі Заңда қырғыз тілін мемлекеттік тіл, ал орыс тілін елдің ресми тілін қалдыру туралы шешім қабылдады.

«Орыс тілі ресми болып қала береді. Конституциялық Кеңес қырғыз тілін мемлекеттік, орыс тілін ресми деп бекітті» – деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Конституциялық Кеңес мүшесі Садирдин Төралиев орыс тілін ресми тіл мәртебесінен айыруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жастар қырғыз тілінде сөйлеуін тоқтатты. Кейін бұл қоғамда пікірталас туғызған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс