USD
USD
USD

Қырғызстанда наразылық шаралары тоқтады

Қырғызстан астанасы Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Қырғызстанда наразылық шаралары тоқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған дейін Бішкек орталығында наразылық шаралары өткені туралы бірнеше рет хабарланған болатын. Он күн бойы халық қаланың орталығына жиналып, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен парламент спикері Қанат Исаевтың отставкаға кетуін талап етті.

Сондай-ақ, Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Садыр Жапаровты қолдауға арналған шаралар да өтті.

Қазіргі таңда Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтаған. Күн сайын бірнеше мың адам жиналатын Үкімет үйінің жанындағы алаң бос тұр. Сонымен қатар, президент резиденциясының алдында да наразылық білдірушілер жоқ. Күш құрылымдары, бас штаб және мемлекеттік қауіпсіздік органдары ғимараттарындағы жағдай бір қалыпты. Мэрия мен басқа да муниципалды мекемелердің алдына адамдар жиналмаған.

Наразылық шаралары мен митингілердің аяқталуы Жээнбеков пен Исаевтың отставкаға кетуімен тұспа-тұс келді. Мемлекет басшысының өкілеттігі Жапаровқа берілді.

Қазір оқып жатыр

Астаналық жігіт елді әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып алдаған

Күдіктіні ұстау

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша