Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды

Қырғызстандағы қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиковқа "сатқындық жасады" деген айып тағылып, қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kg.

Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғыз Республикасы Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті сатқындық жасағаны үшін екі азаматтың ұсталғандығы туралы ақпарат таратты. Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бұлтартпас дәлелдер тәркіленген.

Артынша саясаттанушы Марат Қазақпаев пен Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиковтың ұсталғаны белгілі болды.

Екі күдікті де бір айға қамауға алынды. Қазір олар ҰҚК тергеу изоляторына жатқызылған. Бішкектің Первомай аудандық соты қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған еді.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс құпия ақпаратақа жатады. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды.

Қырғыз елінде мемлекетке опасыздық жасағандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық