USD
USD
USD

Қырғызстанда карантин күшейтіледі

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 87 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлады. Министрдің орынбасары Нурболот Усенбаев шектеу талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Қырғызстанда карантин күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрлік өкілі вирус жұқтырғандар санының артуын эпидемия жағдайының ушығып бара жатқанымен байланыстырды. "Үлкен топтардағы адамдар ауру жұқтырған. Жағдай одан сайын ушықса, шектеу талаптары күшейтілуі мүмкін", - деді Усенбаев.

Қырғызстанда 2372 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 1813 адам ауруханадан шыққан, 27 адам қайтыс болған. Қырғызстан 25 наурызда үш ірі қала мен үш ауданда төтенше жағдай жариялады. 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға