USD
USD
USD

Қырғызстанда экстрасенстер мен сиқыршылардың жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Жогорку Кенеш депутаты Марлен Маматалиев экстрасенстік қызметтерді жарнамалауға тыйым салуды ұсынды. Тиісті заң жобасы қоғам талқылауына шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қырғызстанда экстрасенстер мен сиқыршылардың жарнамасына тыйым салынуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл заң жобасы қызмет көрсету саласындағы азаматтардың санасын кез келген оккульттік, магиялық және басқа да сенімсіз әдістермен өз пайдасына шешу жолдарын ұсынатын манипуляцияларды болдырмау мақсатын көздейді.

Қиын жағдайға тап болған азаматтар қиындықтан құтылуға көмектесетін экстрасенс немесе сиқыршыларға жиі жүгінеді.

Мұндай жағдайда жоғарыда аталған алаяқтарға жүгінген азаматтар ғана зардап шегеді. Үмітсіз күйде жүрген адам барлық уайымдары мен проблемаларын жоюға уәде берген кез келген адамға сенуге дайын.

Ал сиқыршылар мен экстрасенстер мұндай адамдардың сезімдерімен ойнайды. Психологияның көмегімен адамдардың санасын манипуляциялауда үлкен тәжірибесі бар олар алдына келген адамның өткен өмірін айтып, болашағына болжам жасайды. Қазіргі технология мен ғылыми прогрестің қарыштап дамыған заманында экстрасенстер мен магиялық сиқыршылардың айла-шарғысына сенетіндердің көптігі қынжылтады.

Айта кету керек, Қырғыз Республикасының «Жарнама туралы» заңының 16-бабына сәйкес Қырғыз Республикасының Құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапкершілікке әкеп соғатын тауарлардың жекелеген түрлерін жарнамалау ерекшеліктері түсінігі бар.

Алайда, бұл заңдар оккульттік және сиқырлы қызметтер туралы бөлікті арнайы қарастырмайды. Сондықтан енгізілген толықтырулар жоғарыда аталған қызметтерді көрсетудің аражігін нақты ажыратуға, атап айтқанда, ақпараттық кеңістікте алаяқтық әрекеттерді жарнамалауға тыйым салуды енгізуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар