USD
USD
USD

Қырғызстанда Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны күрт өсті

Қырғызстан шілде айында Covid-19-ға шалдыққандар саны 4,5 есеге өскен.

Қырғызстанда Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны күрт өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты ауруханаларда орын жетпей жатыр, дәрі-дәрмектерді науқастардың туыстары сатып алуда.

Елдің денсаулық сақтау жүйесі өздерінежүктелген міндетті орындай алмай жатыр, ал депутаттар демалысқа кетті. Қырғызстан көршілері Қазақстан мен Өзбекстан секілді наурыз айының соңында әуе шекарасын жауып, елде қатаң шектеу енгізді. Елдің ең ірі үш қаласында – Бішкек, Ош, Джалал-Абадта және бірнеше ауданда төтенше жағдай және коменданттық сағат жарияланды.

Жергілікті тұрғындардың үйлерінен шығуына тыйым салынып, кәсіпорындардың қызметкерлері қашықтан жұмыс істеді. Қоғамдық көліктер мен такси тоқтатылып, елдегі білім ошақтары екі айға жабылды. Шектеуді бұзғандарға айыппұл салынды. Мұндай қатаң шаралар Қырғызстанға қымбатқа түсті: салық ондаған есеге қысқарды.

Бюджет дефициті 37 млрд сомға (500 млн доллар) жетті. Экономика министрлігі жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ – минус 5,3%-ға төмендейді деп болжап отыр. Бұл ел мұндай дағдарысты 1990 жылдары бастан өткерген еді. Мамыр айында карантин босаңсыған кезде денсаулық сақтау министрлігі 6,5 млн тұрғын арасында тек 1002 адам ауру жұқтырып, 12 адамның қайтыс болғанын мәлім етті.

Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі басқа елдерден келген қырғыз азаматтары. Қырғызстан шектеу шараларын бір айдың ішінде біртіндеп ала бастады: экономиканың барлық секторы, соның ішінде қоғамдық көліктер мен базарлар бірінен кейін бірі жұмысқа кірісті. Сол кезде Covid-19 жұқтырғандар саны 2 мың адамға жетті.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана