Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда ауылдық тұрғындар қалалықтарды кіргізбей жатыр

Қырғызстанның Ош облысындағы Тоғайлы ауылының жастары қолдан тосқауыл бекетін құрды, деп хабарлайды zakon.kz turmush.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанда ауылдық тұрғындар қалалықтарды кіргізбей жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға басқа елді мекендердің тұрғындары, соның ішінде қонаққа келушілер кірмейді. Әкімдіктің рұқсат қағазы бар адамдар ғана ауылға кіре алады.

"Біздің ауылымыздың қауіпсіздігі үшін ауыл жастары жиналып, ақылдасып, пост құрды. Бізде көпір бар, оның екі жағын шынжырмен жауып тастадық. Жастар күн сайын алмасып кезекшілік етеді. Алдымен 1989 жылы туған ауыл тұрғындары кезекшілікке кірісті. Қазір постта 1986 жылғылар тұр. Бекетте жай тұрмаймыз, ауылға кірген көліктерді зарарсыздандырамыз", - деді Адыл Қалилбайұлы.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары дезинфекцияға қажетті барлық материалдарды, соның ішінде хлорды да алып келген. Сонымен қатар, көшелерде жастар ауыл тұрғындарын үйде болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА