USD
USD
USD

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тастап кеткендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің комитеті кәрі әке-шешесін асыраудан бас тартқан балаларға жазаны қатаңдату жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тастап кеткендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі. 

Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналар үшін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.

Депутат Қылмыстық және отбасылық кодекстерге және "Мемлекеттік қызмет және муниципалдық қызмет туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Ата-анасына қамқор болудан (алимент төлеуден) бас тартқан балаларға айыппұл салу немесе 1-2 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.

Заң жобасы жекелеген заң актілеріне – Қылмыстық кодекске, Отбасы кодексіне, «Мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалды қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай