USD
USD
USD

Қырғызстанда Абай шығармашылығына арналған онлайн конференция өтті

 Бішкек қаласында танымал аудармашы Айдарбек Сарманбетовтың  «Абай Құнанбайұлы. Қара сөздері мен поэмалары» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Қырғызстанда Абай шығармашылығына арналған онлайн конференция өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жинаққа данышпан ақынның ең белгілі туындылары кірген. Интернет-конференцияға қатысушылар ұлы Абайдың ғалам мәдениетіндегі ерекше орнын атап өтті. Абай Кұнанбайұлының шығармашылығын қадірлейтін халыққа мыңдаған шақырым қашықтық да бөгет емес. Интернеттің көмегімен бас қосып, данышпан ақынымыздың рухани мұрасын талқылауға мүмкіндік бар. Кемеңгер философтың шығармашылығына арналған онлайн конференция екі сағатқа созылды. 

Қырғызстан Ұлттық кітапханасының қорында Абай Құнанбайұлының туындылары кірген 64 кітап бар. Бұл – Қазақстан аумағынан тыс жердегі ақын туындыларының ең ірі жинағы. Оқырмандарды Абай шығармашылығымен жақын таныстыру мақсатында ақынның 175 жылдығына арналған көрме ашылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.