USD
USD
USD

Қырғызстанда 23 тамыз Қаралы күн болып жарияланды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейдің Ульяновск облысында жол апаты салдарынан отандастарының қаза болуына байланысты халыққа үндеу жасады. Үндеу мәтіні президент сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қырғызстанда 23 тамыз Қаралы күн болып жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапаров Ресей Федерациясының Ульяновск облысында болған оқиға әрбір қырғызстандықты елең еткізгенін, орны толмас қаза баршаның жүрегіне қаяу салғанын айтты.

"Отандастарымыздың жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдадық. Қаза болғандардың туыстарының қайғысын түсінемін және бөлісуге даярмын, оларға қазір өте қиын. Мұндай жағдайларда жанашыр сөздерді айту қиын. Соған қарамастан, апат салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді Қырғызстан президенті.

Оның айтуынша, апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көмек көрсетіледі. Жапаров бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын қадап айтты.

"Құрметті отандастар, бұл қайғылы оқиға барша халық үшін үлкен қайғы, осыған байланысты 23 тамызды Қырғызстан Республикасы аумағында Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деп түйіндеді сөзін Садыр Жапаров.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко