USD
USD
USD

Қырғызстанда сел жүрді

Қырғыз Республикасының бірқатар өңірінде ауа райының жылынуы мен жауған жауынның салдарынан қар қарқынды еріп, сел жүрді.

Сел Қырғызстан
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жалал-Абад облысы Чатқал ауданы Қаныш-Қия айыл аймағының Жаңа-Базар, Айғыр-Жал және Құрылыс ауылдарында, Нарын облысы Ат-Башы ауданы Баш-Каинди айыл аймағына қарасты Талды-Суу ауылын су шайып өтті. Сондай-ақ Шу облысы Жайыл ауданы Суусамыр айыл аймағы Қайсар ауылында, Ыстықкөл облысы Түп ауданы Қ.Қарасаев айыл аймағына қарасты Токтоян және Ақ-Суу ауданы Хан-Тәңірі айыл аймағына қарасты Советское ауылында да лай көшкіні жүрді.

Кейбір ауылдарда тасқын су тұрғын үйлердің аулалары мен жолдарды бұзып өткені хабарланды.

Жергілікті жерлерде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері төтенше жағдайдың салдарын жою үшін арнайы техниканың көмегімен күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай