USD
USD
USD

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Қырғызстанда президент Садыр Жапаров кеден және шекара қызметтерінің 15-ке жуық қызметкері контрабандаға көмектесті деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. Олар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жасырын камерасына түсіп қалған.

Өткізу пункті
Фото: gov.kg

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қырғыз басшысы Баткен облысы Лейлек ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды 24.kg.

Жасырын камераға түсірілген бейнежазбадан Президент қызметкерлердің шекарадан тауар өткізу үшін жүргізушілерден ақша алып отырғанын көрген. Жапаровтың айтуынша, заңсыз әрекеттер күн сайын «конвейердегідей» қайталанып отырған: жүргізуші кіреді, кеденші ақшаны алып, қалтасына салады, содан кейін шекарашы да дәл сол әрекетті қайталаған. ҰҚМК өкілі ұсталған қызметкерлердің қамауда отырғанын растады.

Президент 2020 жылдан бері кеден және шекара қызметтерінен контрабандаға тосқауыл қоюды талап етіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қырғызстанға жеткізілетін барлық тауар заңға сәйкес рәсімделіп, тиісті төлемдер бюджетке түсуге тиіс.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков

Ресейде шенеуніктердің жүйкесін ойыншықпен тыныштандырмақ

Антистресс

Қазақстанда сүт безі обыры диагнозымен 150-ге жуық ер адам тіркеуде тұр

Науқас пен дәрігер