2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қырғызстанда мұсылмандар қазыятының басшысы ұсталды

Ош қалалық соты Ош қаласының қазысы (қазыят басшысы, муфтияттың аумақтық бөлімшесі) Мирланбек Токтомушевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде бір ай мерзімге үйқамақ түрін таңдады. Ол алаяқтық жасады айыпталып отыр. Бұл туралы Kaktus.media хабарлады.

Р
Фото: Instagram/ akipress

Алматы, NEGE. Сот Ош және Ош облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқармасы тергеушісінің айыпталушыны уақытша ұстау изоляторына қамау туралы өтінішін қабылдамады. Бұлтартпау шарасын таңдағанда сот Токтомушевтің бұрын сотталмағанын, тұрақты мекенжайы барын, екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін және денсаулығында мәселелер барын ескерді. Медициналық көрсеткіштер бойынша қамауда ұстау мүмкін еместігі туралы анықтама берілген.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Қызметтік жағдайды пайдаланып айтарлықтай көлемде алаяқтық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 мамырда ҰҚКБ Ош қаласының қазыятының жауапты қызметкерлерінің жүйелі түрде заңсыз әрекеттерін тоқтатқанын хабарлады. Ведомство дерегінше, қазыят өкілдері мешіттер мен медресе қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған, бұл діни ортада наразылық туғызған. Мемлекеттік институттар сеніміне нұқсан келтірген.

Мешіттер мен медреседе жұмыс істейтін кәсіпкерлердің арыздары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясымен қазыяттың төрт қызметкерінің, оның ішінде Мирланбек Токтомушевтің үйлерінде және жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Тінту нәтижесінде заңсыз ақша жинау фактілеріне дәлелдер табылды.

Іс бойынша қазыят қызметкері М.Ж.М. бар, ол Токтомушевпен бірге бұлтартпау шарасы қолданылғанға дейін уақытша ұстау изоляторында болған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур