Референдум Референдум
11 Наурыз 14:31
...

Қырғызстанда министр тағайындалғанына 40 күн өтпей жатып пара алғаны үшін қызметтен босатылды

Урматбек Шамырканов
Фото: gov.kg

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Урматбек Шамырқанов тағайындалғаннан кейін көп ұзамай қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа президент Садыр Жапаров 10 наурызда қол қойды.

Референдум

Астана, NEGE. Қырғызстан Президентінің бұл шешімін баспасөз қызметшісі Асхат Алагөзов түсіндіріп берді.

«Төтенше жағдайлар министрі Урматбек Шамырқанов атқарып отырған қызметінен босатылды. "Қызметке тағайындалғанына бір ай толмай жатып неге жұмыстан шығарып жатыр? Бұл жоғары кадрлық саясаттағы бейберекеттіктің белгісі емес пе?" дегендер болуы мүмкін.

Жаңа министрдің қызметтен босатылуының себебі ол министрдің орынбасары болып жұмыс істеп жүрген кезде пара алды деген күдікке ілінген», – деп жазды ол Facebook желісінде.

Алагөзовтің нақтылауынша, Шамырқанов 2025 жылдың жазында министрліктегі қызметкерлердің бірінен қызметте жоғарылату үшін пара талап еткен. Қызметкер айтылған соманың жартысын сол кездегі төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Шамырқановтың электронды әмиянына аударған.

Шамырқанов министр болып тағайындалғаннан кейін әлгі қызметкер қалған соманы бере алмайтынын айтқан. Содан кейін министр оны Баткендегі бөлімге ауыстырып жіберген.

Баткенге ауыстырылған қызметкер Президентке шағымданған.

Жапаров Бас прокуратураға арызда келтірілген айыптауларды тексеруді тапсырған. Қадағалаушы орган арызда айтылған деректердің расталғанын хабарлаған соң, Президент төтенше жағдайлар министрі Урматбек Шамырқановты қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Урматбек Шамырқанов бұл қызметке 2026 жылғы 19 ақпанда тағайындалған болатын.

Референдум