2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қырғызстанда енді той кешкі 22:00-ге дейін бітпесе, жарық өшіріледі

Қырғызстанда жарықты үнемдеу үшін кешкі сағат 22:00-ден кейін барлық той, ойын-сауық іс-шаралары, түнгі клубтар, кафе-ресторандар жұмысын тоқтатуы тиіс. 

Қырғызстан
Фото: әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев тыныштық туралы заң мен Үкіметтің шешімін қатаң сақтау қажеттігін талап етті.

Бұл заң мен шешімге сәйкес, тойлар, көңіл көтеру шаралары, сондай-ақ кафе, мейрамханалар мен түнгі клубтардың жұмысы кешкі 22:00-ден кешікпей аяқталуы тиіс.

Ол өз сөзінде, Үкіметтің қазіргі шешімі болғанына қарамастан, жергілікті жерлерде оны іс жүзінде елемейтінін атап өтті.

«Біз шешім қабылдадық, бірақ ол орындалмай жатыр. Білуімше, жақында Бішкекте менің әріптесім той өткізді, ол түн ортасына дейін жалғасты. Ешкім араласпады. Жалал-Абадта да той түнгі 00:00-ге дейін өтті және ешкім ештеңе айтқан жоқ», – деп атап өтті Қамшыбек Ташиев.

Айтуынша, құжатта тыныштық туралы заңның орындалуын бақылау жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелгені нақты көрсетілген.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары, сіздер жазбаша тапсырманы орындамай отырсыздар. Енді мен ресми түрде тапсырамын: барлық жерде 22:00-ден кейін тойлар, көңіл көтеру шаралары, кафе, мейрамханалар мен түнгі клубтардың жұмысы аяқталуы тиіс. Егер біреу бағынбаса, электр энергиясын өшіріңіздер», – деді ҰҚМК басшысы.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау