2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Ерқанат Жұмабеков
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. ҰҚМК мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу материалдары аясында жүргізілген іздестіру-тергеу шаралары барысында халықаралық «Ағайындылар шеңбері» қылмыстық тобына кірген, «заңдағы ұры» Камчы Асанбек (Көлбаев) басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактілері анықталды. Бұл әрекеттерге Қазақстан Республикасының ірі кәсіпкерлерінің бірі – Жұмабеков Ерқанат Берікбайұлы қатысы бар деп айыпталып жатыр.

«Аталған тұлға Қ.Асанбектің қылмыстық қоғамдастық құрамында кәсіпкерлерден қолдау алу, оның іскерлік мүдделерін қолдау және ТМД елдері аумағында экономикалық жобаларды ілгерілету мақсатында рэкет, бопсалау, алым-салық түріндегі заңсыз әрекеттерден жүйелі түрде қаражат алған қылмыстық әрекеті туралы біле тұра «заңдағы ұры» Қ.Асанбекпен тығыз байланыста болған», – делінген хабарламада.

Е.Жұмабековтің қылмыстық әлем жетекшісімен достық қарым-қатынаста болғаны, сонымен қатар Қ.Асанбекпен Ыстықкөл облысында орналасқан «Барс» демалыс базасының аумағында бірнеше рет кездесіп, демалғаны, сондай-ақ Қ.Асанбектің Алматы аумағына барған кезде оның жақын туыстарына барлық материалдық көмек көрсеткені атап өтілді.

Е.Жұмабековке қатысты Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған азаматқа іздеу жарияланды.

Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Қырғыз Республикасының ҰҚМК «Vertex Gold» компаниясының қожайыны Владимир Джуманбаевқа да Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялаған болатын. Кейін қазақстандық кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі өндіріс оның ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы және қаржыландыруының болмауына байланысты тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур