Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді

Қырғызстандағы Ош облысының Ноокат ауданында селден қаза тапқан ауыл тұрғындары мен туристер арасында Шығыс Қазақстанның 4 баласы бар, деп хабарлайды ШҚО әкімдігі.

ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта жүрген сел шығысқазақстандықтардың өмірін қиып кетті.

Бүгін балалардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Өңір әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған барлық қызметтердің мамандары жұмылдырылды.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев марқұмдардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты балалардың туыстарына көңіл айтты. 

Қазір оқып жатыр

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf