2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қырғызстанда билікті басып алуға дайындалғандар ұсталды

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі билікті басып алу әрекетінің ұйымдастырылғанын хабарлады.

Қырғызстан
Фото: mvd.gov.kg

Алматы, NEGE. Қырғыз полициясы республикада тәртіпсіздік тудырып, жағдайды тұрақсыздандыру және билікті басып алуды жоспарлаған топ мүшелерін ұстады.

Бішкек төңірегінде спорттық ойындар мен басқа да жарыстар өткізу жоспарланған болатын. Олардың ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздегені анықталды. 

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі тұтқындалды. Олардың арасында Қырғызстанда туғандармен қатар шетелдіктер де бар.

Тергеу барысында аталған топқа тиесілі қоймадан 1000 бөтелке арақ, 2000 бөтелке минералды су, 1 тонна күріш, 1 союға арналған жылқы, жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға ас дайындайтын өнімдер тәркіленген.

Ұсталғандарға Қырғызстан Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша айып тағылды: билікті күштеп басып алуға әрекеттену; жаппай тәртіпсіздіктерді дайындауды ұйымдастыру; республика азаматының қарулы қақтығыстарға қатысуы және т.б.

2024 жылы ел билігі төңкеріс жасау әрекетіне тойтарыс бергені туралы бірнеше рет хабарлады. Атап айтқанда, жазда Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күшпен басып алуды жоспарлаған күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеген. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы