USD
USD
USD

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Қырғызстанда дін тақырыбында контент жасайтын блогерлерге жаңа талап енгізілді. Енді әлеуметтік желіде дін туралы ақпарат тарататын азаматтар арнайы куәлік алуға міндетті.

Блогер
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Дін және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттіктің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаевтың айтуынша, заңға «діни уағызшы» деген жаңа ұғым енгізілді, деп хабарлайды 24.kg.

Енді діни тақырыпта жазба жариялайтын блогерлер алдымен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына жүгініп, діни білімін растауы керек. Сондай-ақ блогын қандай бағытта жүргізетінін көрсетуі тиіс.

Одан кейін Дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктен арнайы куәлік алуы қажет. Құжат бір жылға беріледі.

Егер блогер заң талаптарын бұзып, қате ақпарат таратса, куәлігінің күші жойылады. Мұндай жағдайда оған жаңа куәлік берілмеуі мүмкін.

Нұрғазы Қырғызбаев бұл талап подкаст жүргізетін, діни тақырыпта пост пен пікір жазатын, өзінің діни қызметі туралы айтатын және уағыз айтатын азаматтардың барлығына қатысты екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО