USD
USD
USD

Қырғызстан «Sinopharm» вакцинасын алады

Қырғызстандықтар Қытайдың «Sinopharm» вакцинасын ала алады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Қырғызстан «Sinopharm» вакцинасын алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бішкек иммунопрофилактика орталығының меңгерушісі Бурул Асылбекованың мәлімдеуінше, вакцина ең алдымен вирусты жұқтыру қаурі жоғары топ өкілдеріне егіледі.

«Дегенмен қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, вакцинаны алғысы келген азаматтардың барлығына салу туралы шешім қабылданды», – деді ол.

Дәрігердің айтуынша, Бішкекке «Sinopharm» қытайлық вакцинасының 14 мың дозасы, ресейлік Sputnik V вакцинасының 2,5 мың дозасы бөлінген.

Еске сала кетейік, 19 наурыз күні Республикалық иммунопрофилактика орталығы арқылы Beijing Institute of Biological Product Co.Ltd өндірген «Sinopharm» белсендірілмеген вакцинасының 150 мың дозасы алынған.

Вакцина 25-28 күн аралықта екі рет егіледі. Бұл вакцина салынғаннан кейін кері әсерлер байқалмаған. Мұның алдында Қырғызстанға «Sputnik V» вакцинасының 20 мың доза алғашқы топтамасы жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси