USD
USD
USD

Қырғызстан президенттігіне үміткерлер саны неше адамға қысқарды?

Қырғызстанның мемлекет басшысы лауазымына үміткерлер саны 63-тен 20 адамға дейін қысқарады.

Қырғызстан президенттігіне үміткерлер саны неше адамға қысқарды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының өкілдері хабарлады. «20 адам 30 мың адамның қолы мен 1 млн сом (шамамен $13 мың) көлеміндегі кепіл ақшаны заңда бекітілген мерзімде жинап үлгерді», – деді өкіл. Қазіргі уақытта ОСК үміткерлер ұсынған қолдардың растығын тексеруге кіріскен.   «Сондықтан тексерістен соң үміткерлер саны тағы азаюы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», – деп қосты ол. Бұған дейін сайлауалды кезеңге қатысуға 63 адам ниет білдірген.

Үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына 15 желтоқсанда кірісе алады. Ал елдегі мерзімінен бұрынғы президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына өтеді. Үміткерлер қатарында Қырғызстандағы танымал адамдар көп. Олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Абдил Сегизбаев, «Бутун Кыргызстан» партиясының көшбасшысы Адахан Мадумаров, бірнеше шақырылым депутаты әрі журналист Каныбек Иманалиев, ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Курсан Асанов, кәсіпкер Арстанбек Абдылдаев пен мемлекет басшысының міндетін атқарып келген Садыр Жапаров бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy