USD
USD
USD

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететінін мәлімдеді

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров президенттік сайлауға қатысады. Сондықтан ол отставкаға кетпек, деп хабарлайды 24.kg сайты.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететінін мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров Қошқар ауданына жұмыс сапары барысында президент сайлауына қатысу үшін желтоқсанның басында мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару қызметінен кететінін мәлімдеді.

- Мен сайлауға басқалармен тең дәрежеде түсемін. Егер мені сайлап жатса, президент боламын, сайламаса, таласпаймын, - деді Садыр Жапаров.

Бұған дейін Қырғызстандағы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған деп хабарланған болатын.

23 қазанда бұл елдегі парламент сайлауы кейінге қалдырылды. Ол 2021 жылдың наурызына дейін өтуі керек.

Жоғарғы Кеңеске сайлау жаңа Конституция жобасы қабылданғанға дейін кейінге қалдырылды. Ал қолданыстағы Конституцияға өзгерістер 2021 жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей енгізілуі керек.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты